Ана...
Анам менің, мəпелеп мені өсірген
Қай жағдайда қатемді əркез кешірген
Өмір заңы, тағдырды өзгерте алмаймыз
Аяулы ана мəңгі кетсе өмірден
Өмір шіркін тәтті өтіріктен құралған,
Ащы шындық,ел жақтырмас бір алаң.
Екі ағыста өтіп жатыр бұл дүние,
Бірі күліп, енді бірі жылаған.
Жазығым не? Не жаздым бұл тағдырға?!
Маматайым, бұл жерге мені қалдырма!
Алып кетші, жетімдікті көрсетпей,
Айтшы егер күнəм болса алдыңда...
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі